Алматыда алғаш рет шетелдегі қандастардың қатысуымен бизнес форум өтті. Шараға Жапония, Малайзия, Моңғолия, Иран, Қытай сынды 12 елден 150 кәсіпкер қатысты. Басқосудың мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды ел экономикасының дамуына белсенді тарту және олармен тығыз байланыс орнату дейді ұйымдастырушылар.
Бизнес форум аясында Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ шетелдік кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсету жайы айтылды. Форум аясында «Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесі» құрылады деп жоспарланған.
Данияр Қадыров, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті:
Қазақстанға инвестиция тарту, Қазақстанның көркеюіне үлестерін қосайын деп ағайындар кеп жатыр. Біз бүгін осындай алаңды беріп отырмыз. Осы алаңда бәрі бір-бірімен араласып, алдағы уақытта еліміздің экономикасына, дамуына үлес қосады деп сенемін.
Жазира Оразқызы