Сарапшы: Банк туралы жаңа заң экономикалық дамуға үлес қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Банк туралы жаңа заң экономикалық дамуға үлес қосады

13.09.2024

Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін инвестициялық қолдау жеткіліксіз. Ал банктердің несиелері кәсіпкерді өсірмейді, пайыздық мөлшерлемесі көп. Жолдауда айтылғандай, банк туралы жаңа заңның қабылдануы дұрыс дейді Сәтбаев университетінде жиналған сала сарапшылары. Бұл ретте қаржы нарығының жүйесін реттеліп, экономиканы кредиттеу, ауыл шаруашығын қаржыландыру пайызын жеңілдетуді секілді өзекті мәселелер шешіледі. Банк туралы жаңа заң - экономикалық дамуға үлес қосады дейді аға оқытушы Ермахан Қалмұрзаев.

Ермахан Қалмұрзаев, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ оқытушысы:

Бізде қазіргі банк жүйесінде оның қаншалықты деңгейде екенін білесіздер. 25 пайыздан өсіп түседі, кейде тіпті алған кредитіңнен құтылғанша, тіпті 100 пайыз төлеуіңе тура келеді. Бұл кәсіптің дамуына мүлде мүмкін емес. Сол себептен де бір кредиттен екінші кредитке кіріп жатқан адамдардың жағдайы, халықтың әлеуметтік жағдайы белгілі.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу