Биылғы оқу жылында 221 мектеп пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы оқу жылында 221 мектеп пайдалануға беріледі

13.09.2024

Биылғы оқу жылында 365 мың оқушыға арналған 221 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Оқу-ағарту министрі айтты. Ғани Бейсембаевтың сөзінше, былтыр еліміз бойынша 154 жаңа мектеп ашылған.

Бұл арқылы 29 үшауысымды және 12 апатты мектептің мәселесі шешілген. Сонымен бірге, Ғани Бейсембаев мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілгенін айтты. Ал Қазақстандағы әрбір екінші оқушы халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр 58 алтын медаль жеңіп алған. Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Мектептердің пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған. Білім беру ұйымдарына «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» құндылықтарына негізделген біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілуде.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу