Көшпенділер ойындарына Қытайдан велосипедпен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойындарына Қытайдан велосипедпен келді

13.09.2024

Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ облысында туып өскен Айбар Тұрсынбайұлы Ұлы дүниежүзілік көшпенділер ойындары үшін Астанаға велосидпен арнайы келді. Дала дүбірін көру үшін 1800 шақырымды артқа тастаған шабандозды елордалықтар ыстық ықыласпен қарсы алды. Айбар Тұрсынбайұлы 16 күн жол жүріп келген.

Айбар Тұрсынбайұлы, велошабандоз:

Алдын ала екі-үш күн бұрын келем деп ойлағанмын. Бірақ ойлағандай болмай қалды. Бірақ, сонда да ең ақырғы күніне үлгеріп келгеніме өзім де қош боп тұрмын негізі.


Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу