Жаппай улану: 16 оқушы ауруханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаппай улану: 16 оқушы ауруханадан шықты

13.09.2024

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында астан уланған балалардың барлығы бүгін мектепке барды. Еске салсақ, кеше кешкісін Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектептің 16 оқушысы аудандық жедел-жәрдем бөлімшесіне іштері ауырғанын айтып хабарласқан. Олар ауруханада бірнеше сағат емделіп, кейін үйлеріне қайтарылды. Мектептен ас және ауыз су сынамалары алынып, экспертизаға жіберілді. 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының №8 мектебінде жаппай астан уланып, дәрігер көмегіне жүгінген 96 оқушы да, түгел үйіне жіберілді. Тек 1 бала ғана Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр, жағдайы жақсы.

Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бүгінгі күні балалардың жағдайлары қалыпты, барлығы да үйлерінде. Ауруханаға ешкім жатқызылған жоқ.


Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу