16 мың азамат банкрот деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 мың азамат банкрот деп танылды

13.09.2024

Елімізде 16 мыңға жуық адамның несиесі кешірілді. «Банкрот» деп танылған олардың берешегі 36 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы бүгін Қаржы вице-министрі сенатта айтты. Ержан Біржановтың сөзінше, бұл азаматтардың барлығы несиесін бір жылдан бес жылға дейін төлей алмай жүргендер. Жалпы банкроттық туралы заң күшіне енгелі 110 мыңнан астам адамнан өтініш түскен. Басым бөлігі, 83 пайызының өтініші мақұлданбаған. Негізгі себеп несие тарихының талаптарға сай болмауы. Бірақ өтініш беріп, кейін оны қайтарып алып жатқандар да жетерлік. Өйткені «банкрот» деп танылған соң 5 жыл бойы қайта несие ала алмайды. Әрі қаржылық жағдайы үш жыл бақылауда болады.


Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу