Трамп Харриспен екінші дебат өткізуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Харриспен екінші дебат өткізуден бас тартты

13.09.2024

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп өзінің демократ бәсекелесі Камала Харриспен тағы бір дебат өткізуден бас тартты. "Үшінші пікірсайыс" болмайды дейді республикалық үміткер. Трамп бірінші теледебатты маусым айында Джо Байденмен өткізіп, президентті жеңгені белгілі. Екіншісі Филадельфияда ұйымдастырылды. Көптеген саяси сарапшы онда Харрис ұтты деп есептейді. Алайда, Трамп жеңілгенін мойындамай отыр. Америка Құрама Штаттарында президенттік сайлау биыл қарашаның 5-де өтеді.


Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу