Аргентина ереуілге байланысты 300-ден астам әуе рейсі тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина ереуілге байланысты 300-ден астам әуе рейсі тоқтады

14.09.2024

Аргентинада мемлекеттік авиациялық компания қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, 24-сағаттық ереуіл жариялады. Салдарынан 319 әуе рейсі тоқтап, 37 мыңнан астам жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Аргентинада жылдық инфляция 264 пайызға дейін өсіп, әлемдегі ең жоғары деңгейге көтерілді. Кәсіподақтардың ойынша, мұндай қымбатшылық кезінде еңбекақы мейлінше көбейтілуі керек.

Ел президентінің мәлімдеуінше, бюджет тапшылығы мен инфляцияны еңсеру шаралары аясында аталған әуе компаниясы да жекешелендірілуі керек.


Хабарламаларға жазылу