Димаштың концертіне 80 елден 10 мыңнан астам жанкүйер келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаштың концертіне 80 елден 10 мыңнан астам жанкүйер келді

14.09.2024

Қазақстанның брендіне айналған әнші Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті дүрілдеп өтті.

Әлемге әйгілі өнерпазды тыңдауға 80 елден 10 мыңнан астам шетелдік көрермен келді. «Stranger» атты жеке концертті ұйымдастыруға 200-ден астам кәсіпқой маман атсалысқан. Сахнада Димаш Құдайбергенмен бірге 350-ден астам адамнан тұратын халықаралық өнерпаздар тобы өнер көрсетті. Олардың ішінде Қазақстанмен қоса, Қытай, Ресей, Украина, Камерун, Гана, Уганда, Мексика, Испания және Кениядан келген бишілер, әншілер болды. Ұлттық арна Димаштың концерті қарсаңында арнайы шығарылым ұйымдастырды. Ән кешінен кейін тыңдармандар бірден кетіп қалмай, стадиондағы қоқысты жинап, дүйім жұртты тамсандырды.

Игі іске атсалысқандардың арасында шетелдік қонақтар да көп болды. Тазалық акциясына «Астана жастары» волонтерлері де үлес қосты. Қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін мұндай іс-шаралар игі дәстүрге айналған.


Хабарламаларға жазылу