Айдос Сүлейменов 15 жылдан бері коммуналдық техниканы тізгіндеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдос Сүлейменов 15 жылдан бері коммуналдық техниканы тізгіндеп келеді

14.09.2024

Айдос Сүлейменов 15 жылдан бері коммуналдық техниканы тізгіндеп, қала тазалығына сүбелі үлесін қосып келеді. Өз ісін жетік меңгерген қарапайым еңбек адамының басты ұстанымы – қоғамға пайдасын тигізіп, адал табыс табу. Мемлекет басшысы Жолдауда 2025 жылды елімізде «жұмысшы мамандықтары» жылы деп атағаны белгілі.

Айдос Сүлейменов, «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жүргізушісі:

Бұл коммуналдық мекемеге келгеніме қазір 15 жыл болды. 2010 бері осы салада келе жатырмын. Жұмыстың оңайы жоқ. Азанда 5-те шығамыз. Содан басталады. Кешке дейін қаланың тазалығы. Қазір техникалар бұрынғыдай күрекпен лақтырып, әуре болып тұрмайсың. Бір жинағанда жеті-сегіз тонна қоқыспен шығамыз. Бұл техника кемі 150 шақырым жүреді. Халық та тазалыққа үйреніп келе жатыр ғой. Бұрынғыдай бейберекет тастамайды. Жұмысқа шыдамай шығып кетіп жатқандар да бар. Күннің ыстығына, суығына шыдамайды. Жастардың көбі бұл жұмысқа үйрене алмайды. Шүкір, өзімнің үш бала-шағам бар. Екі қыз, бір ұлым. Ұлым да осы салада механик болып жұмыс істейді. Негізі бір салада тұрақты қызмет еткен жақсы. Қандай жұмыс істесе де, соның нанын жеп, адал болу керек. Күнделікті жұмысыңның бары – бақыт.

Ә.Серікұлы

Хабарламаларға жазылу