Халықты тіркеудің жаңа ережесі бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықты тіркеудің жаңа ережесі бекітілді

14.09.2024

Енді жаңа құжатқа сәйкес, белгілі бір жерге уақытша келгендердің барлығы тіркелуі тиіс. Яғни кез келген адам келген сәттен бастап 10 күннің ішінде тіркеуге тұруға міндетті. Бұл ретте жеке басын куәландыратын құжат, баспана иесінің келісімі қажет. Өкілетті орган тіркеу құқығын растау үшін баспана иесінің деректерін ақпараттық жүйелерден тексереді. Осылайша жаңа ереженің талабына бойынша, ішкі істер органдары еліміздің азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды тұрғылықты жері және уақытша келген орны бойынша тіркеуге алады.     

Хабарламаларға жазылу