Ақтаулық блогер парақшасында Ақтау аспанын басқан қалың түтінді көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаулық блогер парақшасында Ақтау аспанын басқан қалың түтінді көрсетті

15.09.2024

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram парақшасында Ақтау аспанын басқан қалың түтінді көрсетті.

«Бүгін таңертең қолқаны қабатын иістен ояндым. Қою түтін Ақтауды тұтастай басып алған екен. Сондықтан мен бұл иістің қайдан шыққанын және қалдықтармен тыныс алатынымызды көрсету үшін арнайы келдім. Негізінде, жылдан-жылға күшейіп бара жатқан бұл мәселенің себебін бұрыннан білетінмін»,- деп жазған блогер мына видеоны жариялады.

Ал Маңғыстау облысының Төтенше жағдай департаменті 15 қыркүйекте Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылынан 2,5 шақырым жердегі қоқыс полигонында қатты тұрмыстық қалдықтардың өртенгені туралы хабарлады.

Қоқыс полигонының шамамен 650 шаршы метр аумағы. Қазір онда рекультивациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Блогер Азамат Сәрсенбаев бұған дейін де Ақтау аспанында тұтасқан ұзын сары бұлтты түсіріп, видео жариялаған.

«Бұл қонақ үйдің терезісінен қарағандағы көрініс. Шетелдіктер өз бөлмелерінің терезесінен біздің қалаға қарап, не ойлайтынын елестетіп көріңіз...», - деп жазды Сәрсенбаев.

Шетелдіктерден бұрын, өзіміздің азаматтардың денсаулығы туралы ойлайсың. Және «Таза Қазақстан» деген көшелер мен қоғамдық орындарды сыпыру ғана емес. Сыпырғыш - жақсы құрал.

Дегенмен тұрмыстық және өнеркәсіптің қалдықтар, жалпы экологиялық проблемаларды тау-тау қылып үйе бермей, оларды да қатар шешу керек.


Хабарламаларға жазылу