Қарағанды қаласында аттракцион құлап, 2 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды қаласында аттракцион құлап, 2 адам зардап шекті

16.09.2024

Қарағанды қаласының орталық саябағында адамдар мінген аттракцион құлап, 2 адам зардап шекті. Құлаған кабина ішінде отырған анасы мен баласы дәрігерге жүгінген. Аттракцион жеке кәсіпкерге тиесілі. Жауаптылар мамырда аттракцион техникалық сараптамадан өткенін айтуда. Қазір құқық қорғау органдары болған жайтқа байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу