Қызылорда диқандары күріш алқаптарынан рекордтық өнім жинап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда диқандары күріш алқаптарынан рекордтық өнім жинап жатыр

16.09.2024

Қызылорда облысында 85 мың гектар күріштіктің бүгінде 27 мыңнан астамы орылды. Егіннің шығымы жылдағыдан жақсы. Кейбір шаруашылықтар күріш алқаптарынан рекордтық өнім жинап жатыр.

Жалағаштық күрішшілер үшін биыл несібелі жыл болып тұр. Маусымдық кезеңде судан таршылық көрмей, егінді бітік шығарған диқандар гектарынан 85-90 центнер аралығында өнім алуда. Шаруалар жерді тегістеп, күтіп-баптауға озық агро-технологияларды пайдаланып, күріштің жаңа сортын жергілікті жерге бейімдеп өсірді. Соның нәтижесінде шығымы өте жоғары.

Ербол Ақбергенов, агроном:

Былтыр 72 центнерден өнім алғанбыз. Биыл жоғары, иә. Қазіргі уақытта 900 гектар жердің өнімін жинап алдық. Орташа өнім - 87 центнер. Ресейден алынған Каулюс сортынан 92-93 центнерден өнім алып жатырмыз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу