Алдағы күндері үсік жүреді. «Қазгидромет» мамандары ертеңнен бастап 19 қыркүйекке дейін республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында -5 градусқа дейін үсік болатынын ескертеді. Ал еліміздің басқа өңірлерінде әлі де болса жауын-шашынды ауа-райы сақталады. Мамандар мұны антициклонның келуімен байланыстырып отыр.
Серік Жұмабек