Жамбыл облысында жасөспірімдер жол апатына ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жасөспірімдер жол апатына ұшырады

16.09.2024

Жамбыл облысында бірнеше студент пен мектеп оқушысы отырған автокөлік апатқа ұшырады. Салдарынан 16 жастағы екі бала мен 17 және 18 жастағы Жаңатас қаласының тұрғындары ауыр хәлде аудандық ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімнің бірі әкесіне тиесілі «Тайота превия» маркалы көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Ол «Тараз-Жаңатас» бағытында жоғары жылдамдықпен жүргендіктен көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылған. Таңғы төрттер шамасында болған апаттан кейін төртеуі де жансақтау бөліміне жатқызылған. Артынша шұғыл түрде 16 және 18 жастағы науқастар облыстық ауруханаға ауыстырылған. Ал полиция көлік жүргізу куәлігі болмаған жас баланың ата-анасына қатысты іс қозғады.

Айнұр Кәлікова, Сарысу аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:

2007-ші жылғы, 2008-ші жылғы балалар бізде ашық ми жарақатымен өте жағдайы ауыр, кома 2-ші дәрежесінде. Қазіргі таңда біздің аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты, бақылауда.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу