«Қазақстан – Германия» бизнес форумында 36 құжатқа қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан – Германия» бизнес форумында 36 құжатқа қол қойылды

16.09.2024

Ал Астанада өтіп жатқан қазақ-неміс бизнес форумында құны 6,3 млрд доллар болатын 36 құжатқа қол қойылды. Олар ақпараттық технология, логистика, денсаулық сақтау салаларындағы жобалар. 

Айя Мүтәлі, тілші:

Иә, бүгінгі форумның ауқымы кең. Маңызы жоғары. Оған 300-ден астам неміс кәсіпкері жиналған. Олар қазақстандық әріптестерімен бірге логистика, машина жасау, мұнай химиясы, инновация, өнеркәсіпті автоматтандыру сынды жобаларды талқылады. Бизнес форумға Мемлекет басшысы мен Германия канцлері арнайы келді. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Жетекші компаниялардың Қазақстанға келуі екі елдің экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін көрсетеді, деді Президент.

Германия компаниялары Қазақстанға 2005 жылдан бері 6,7 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған. Бұл қаржының 90 пайызы шикізаттық емес секторға тиесілі. Бүгінде елімізде мыңнан астам қазақ-неміс бірлескен компаниялары жұмыс істеп тұр. Ал бүгінгі іскерлік форумда құны 6,3 млрд теңге болатын тағы 36 жобаға қол қойылды. Атап айтқанда, Қорғаста ірі аэропорт хаб ашылады. Онда мультимодалды бағытта тауар тасымалдайды. Яғни, темір жол, көлік жолы ғана емес, әуе жолымен де тауар жеткізіледі.

Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы:

Қытай, араб мемлекеттерінен қаражат пен инвестиция келетін болса, Германиядан қаражатпен қоса, жаңа технологиямен бөліседі. Яғни, Германия басқа елдермен өз технологияларымен бөлісуге өте мұқият қарайды. Бұл бізге деген сенімі мықты дегенді көрсетеді.

Ал Германияға енді концервіленген балық өнімдерін көбірек жіберілмек. Әрі тауарларды жеткізу бағытын жеңілдетпек. Бұл да бүгінгі келісімнің нәтижесі.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Техникалық кредиттеу жағынан, техникалық кедергілерді жою үшін Жол картасына қол қоямыз. Осы жол картасы бізге экспорт жағынан өте пайдалы. Көмек көрсетеді.

Ольга Хунгер, неміс сарапшысы:

Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор. Ал Германия бұл саладағы инновациялық технологиясымен әлемге белгілі. Оның ішінде егін және мал шаруашылығын цифравизациялауда тәжірибесі көп. Қазақстан саланы озық технологиямен жер аумағы кең болған соң, GPS секілді технологияларды орнатуға мүмкіндігі бар.

 Айя Мүтәлі, тілші:

Сонымен, мемлекет басшылары бүгінгі келісімдер мен бірлескен бастамалар Астана мен Берлин арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайта түсетініне сенім білдірді.

 Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу