Сенаторлар салық саясатын жетілдіру мәселесін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар салық саясатын жетілдіру мәселесін талқылады

17.09.2024

Парламенттің жоғары палатасында салық саясатын жетілдіру мәселесі талқыланды. Нақтырақ айтсақ, салық төлеушілердің тәуекел деңгейін бағалау шарттарын қайта қарау қажеттігі айтылды. Бұдан бөлек Қазақстанда металл бұйымдарын өндірудің кенже қалуы да талқыға салынды, өйткені осы материалды пайдаланатын машина жасау кәсіпорындарына өз өнімдерін өндіруге қиындықтар туғызып жатыр. Сенат депутаттары бизнеске де, мемлекетке де тиімді болатын теңестірілген шешімдерді табу үшін ашық талқылауды жалғастыру керек екендігін жеткізді. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу