Ақтауда бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған бас есепші сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған бас есепші сотталды

17.09.2024

Маңғыстауда Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 5 жыл бойы қаржы жымқырған. Ол осы уақыт аралығында бюджет қаражатынан 117 миллион теңгені қолды қылған. Бұл заңсыздықты прокуратура анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған.

Сот үкімімен Ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған. Ал, мекеменің бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас ботандығынан айырылды.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу