Генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев 85 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев 85 жасқа толды

17.09.2024

Бүгін генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев 85 жасқа толды. Ол еліміз егемендікке қол жеткізген жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық гвардияның қолбасшысы, Қорғаныс министрі, Тұңғыш Президенттің кеңесшісі және Парламент депутаты қызметтерін абыроймен атқарды.

Оның бастамашы болуымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы құрылып, еліміздің белді оқу орнына айналды. Сәт Тоқпақбаев Мәжіліс депутаты болған уақытта да, мол тәжірибесін, кәсіби шеберлігін, күш-жігерін мемлекетіміздің Қарулы күштері мен қауіпсіздігін нығайтуға қажетті заңдарды қабылдауға жұмсады. Бүгінде жұбайы – белгілі жазушы Сәуле Досжанмен қоғамдық жұмыстарға атсалысып, жастарды тәрбиелеуге көңіл бөліп жүр.

Сәт Тоқпақбаев, Халық қаһарманы, Мемлекет және қоғам қайраткері:
Қызметтес, бірге Отан үшін жұмыс істеген азаматтардың еңбектері жанып, осы сүйікті Отанымыз гүлденгеніне біз бәріміз қуанамыз. Қазір Қазақстанымыз барлық жағынан жоғары деңгейде келеді.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу