Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 220 адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 220 адам эвакуацияланды

18.09.2024

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 220 адам эвакуацияланды. Оның 21 бала. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сегізінші қабаттағы пәтерлердің бірінде үй заттары мен жиһаз отқа оранған. Өрт толығымен сөндіріліп, шығу себебі анықталып жатыр. Бір адам ауруханаға жатқызылды.

Ал, Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт болған. Мұнда да, пәтерде қоқыс, жиһаз және үй заттары жаныпты. Адам шығыны жоқ. 23 адам өрттен эвакуацияланды. Оның 5 бала. Өрт толық сөндірілді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу