Португалияның орталығы мен солтүстігін алапат орман өрті шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияның орталығы мен солтүстігін алапат орман өрті шарпыды

18.09.2024

Португалияның орталығы мен солтүстігін алапат орман өрті шарпыды. Елде 50-ден астам өрт ошағы тіркелген. Соңғы мәліметтерге сай, одан 7 адам қаза тапты. Бірқатар автомагистраль жабылып, пойыз қатынасы шектелді. Тілсіз жаумен күреске 5300 өрт сөндіруші маман тартылған. Алайда бұл жеткіліксіз. Оның үстіне от шарпыған аймақта күн ыстық әрі екпінді жел соғып тұр. Билік жалынды бақылауға алу үшін Еуропа Одағынан көмек сұрауға мәжбүр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу