Депутат әскердегі әлімжеттік мәселесін көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат әскердегі әлімжеттік мәселесін көтерді

18.09.2024

Әскери бөлімдерде орнатылған 50 мыңнан астам бейнекамерадағы жазба қайда? Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев армияда жарақат алып, қаза тапқан сарбаздардың мәселесін көтерді. Осылайша Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдады. Оның дерегінше, соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған. Ал 5 айдан бері ес-түссіз жатқан Ербаян Мұхтардың жағдайы қалай? - дейді депутат.

Нартай Сәрсенғалиев, Мәжіліс депутаты:

Күштік құрылымдар айтып отырғандай, олардың сөзіне сүйенсек, Ербаянды алып кетіп, ота жасаған, емдеген дәрігерлерді айыптау боп отыр. Ендеше, Ербаянға ота жасаған орталықты тауып, демек тергеушілер оларды да жауапқа тарту керек.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу