Қызылорда облысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бұрынғы басшысы сотталды. Экс-шенеунік сыбайлас-жемқорлық әрекетімен ұсталған еді. Оған басшылық лауазымын асыра пайдаланып, кәсіпкерлердің біріне баласының оқу ақысын төлетіп, аймақта сұйытылған газ сатумен айналысатындарға қысым көрсетті деген айып тағылған.
Тергеу барысында барлық заңсыз іс-әрекеті әшкереленді. Сот Дінмұхаммед Әбсаттаровқа 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оның өмірбақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бұрынғы басшысы сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/199410/)