АЭС - тұрақты энергия көзі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС - тұрақты энергия көзі

18.09.2024

Күн мен желден алынатын энергия тұрақты емес, сондықтан жаңа энергия көзіне көшу керек. Электр қуатының тапшылығын азайту үшін атом электр станциясының маңызы зор. Атыраулық ғалымдар осындай пікір білдірді. Сала мамандары бас қосқан отырыста атом энергетикасының пайдасы мен артықшылықтары талқыланды. Егер елімізде АЭС салынса, жылына 20 млн тонна қалдықтың шығуы тоқтайды, - дейді мамандар.

Махамбет Жексенов, облыстық халықтық штаб мүшесі:

Қалай болғанда да, желдің өзі керек уақытта жел тұрмаса, одан энергия алуға мүмкіндік болмай қалады. Күн сәулесі бұлтты күндері шықпай, ол жақтан да. Көмірдің өзіне қазір жаһандық банкілер, шетелдік банктер көмірге инвестиция салмай жатыр. Жаңартылатын энергия түрлерін атом электр станциясымен екеуін қатар, біріктіріп отырып дамыту керек деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу