Саран қаласының өркендеуіне кәсіпорындардың үлесі көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саран қаласының өркендеуіне кәсіпорындардың үлесі көп

18.09.2024

Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының экономикасы қарқынды даму үстінде. Мұны Президент Жолдауда атап өтті. Шаһарда кейінгі жылдары автокөлік дөңгелегін және тұрмыстық техника шығаратын зауыттар ашылды. Жаңа кәсіпорындардың арқасында Саран моноқалалар санатынан шығарылды. Елді мекен өміріне оң серпін берген кәсіпорынның бірі - автобус және өзге де техникаларды шығаратын зауыт. Мұнда осы күнге дейін 3 мыңнан астам техника құрастырылған. Жұмысшылардың 70 пайызы қала тұрғындары. Кәсіпорын жанында арнайы оқу орталығы бар. Онда 12 жұмысшы мамандығы бойынша білім беріледі.

Нияз Тұрсынов, құрастыру цехының шебері:

Әрі осы жұмыс барысында арасында уақыт беріледі. Арнайы оқуға барып, арасында жұмыс істеп, оқып алдық. Бірінен соң бірі, карьерная лестница дейді ғой орысша айтқанда , солай жайлап көтеріліп келе жатырмыз. Өзімнің болашағымды осы зауыттан көріп тұрмын десем де болады.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу