Атырауда халықаралық жастар форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда халықаралық жастар форумы басталды

18.09.2024

Атырауда «Saraishyq upgrade» деген атаумен халықаралық жастар форумы басталды. Оған Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Ресейден және елдің батыс облыстарынан 300-дей делегат келді. Белсенді жастар IT, мәдениет, өнер, маркетинг, кинематография саласы бойынша тәжірибе алмасады. Арнайы шақыртылған спикерлер екі күн дәріс өткізеді. Шарада алдағы уақытта өңірдің көшбасшы жастары үшін креативті орталық құру жайы талқыланбақ.

Дәурен Сейтқалиев, ұйымдастырушы:

Жаңадан келіп жатқан қатысушылар бар және қайтадан келіп қатысып жатқандар да бар. Олар жобалар алып келіп, осында қорғайды. Спикерлердің ұнатқан жобалары грантқа ие болады қаржылай түрде. Одан бөлек мысалы музыканттарды айтайық, егер спикерлерге жобалары ұнаса, оларды сахнаға алып кетулеріне мүмкіндік болады.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу