Елімізде 11 жастағы қыздарды вакциналау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 11 жастағы қыздарды вакциналау басталды

18.09.2024

Елімізде 11 жастағы қыз балаларды адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау басталды. Бас санитардың арнайы Қаулысы шықты. Әзірге екпені тек Қарағанды облысындағы жасөспірімдер салдырған. Өйткені кейбір өңірлерге дәрілік препарат әлі жетпеген. Ал басқа аймақтарда вакцина салатын орын айқындалып, соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр, дейді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері. Вакцина ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімінен соң ғана салынады. АҚШ ғалымдары әзірлеген дәрілік зат екі компоненттен тұрады. Екінші дозаны бірінші вакцина салдырғаннан кейін 6 айдан соң алады. Ведомство өкілдері 175 мың қыз балаға вакцина салуды жоспарлап отыр. 350 мың доза сатып алынған. Екпе жатыр мойны обырының алдын алады. Ал жатыр мойны обыры - әйел арасында таралуы бойынша екінші орындағы кесел. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ға жуық жаңа дерегі анықталып, 700-дей адам қайтыс болады.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы:

Қазіргі кезде 11 жастағы қыздардан басқа 12-13 жас яғни қосымша екі жас мөлшеріндегі қыздарды вакциналау жоспары алға қойылып отыр. Вакцинаны қолданғаннан кейін болуы мүмкін: әдеттегідей дене қызуының көтерілуі, бұлшық еттің ауырсынуы, ісуі, қызаруы.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу