Алматы облысында газ жарылып, бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында газ жарылып, бір адам қайтыс болды

19.09.2024

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында жер үйдің бірінде газ жарылып, бір адам қайтыс болды. Жарылыстың күштілігі сонша, үйдің төбесі опырылып, ортасына түскен. Жанында тұрған төрт баспананың терезелері шытынап, қабырғаларына зақым келген. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, үйінді астында қалған марқұмға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқыс оқиғаның нақты неден болғаны анықталып жатыр.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу