Қызылордада 16 жасар оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық іс бойынша күдіктілер саны 11-ге жетті. Тергеу әрекеті басталғалы аталған оқиғаға тікелей қатысы бар адамдардың саны өсіп келеді. Бастапқыда жасөспірім қызды зорлық-зомбылыққа итермелегендер бесеу болатын.
Қазір полиция 11 күдіктіні қылмыстық іс бойынша уақытша қамауға алды. Жалпы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған мектеп оқушысына 8 айда банк аударымы арқылы мыңнан аса төлем жасалған. Қоғамдық резонанс туғызған істің мән-жайы әзірге тергеу құпиялығына байланысты жарияланбай отыр.
Әділбек Серікұлы