Автобустарда ақша жинайтын еріктілер тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автобустарда ақша жинайтын еріктілер тексеріледі

19.09.2024

Қайырымдылық үшін деп автобустарда ақша жинайтын жасөспірімдер тексеріледі. Бұл туралы Сенат отырысында ІІМ орынбасары айтты. Ол «балалардың еңбегін пайдаланып, заңсыз жолмен ақша жинап жүрген топтар болуы мүмкін», - дейді. Сондықтан әрбір жеткіншек туралы анық ақпарат алу маңызды. Бірақ, ол үшін жаңа заң әзірленбейді деді.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу