Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін тұрақты әрі сенімді энергия көзі қажет. Атырау облысына арнайы сапармен келген АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері осындай пікірде.
Сапар аясында ғылыми қауымдастықпен, Жылу электр орталығы қызметкерлерімен, өндірушілермен, мұнай-газ және химия өнеркәсібінің өкілдерімен кездесу өтті. Өзге өңірлер секілді мұндағы бизнес өкілдері де қазіргі энергия тапшылығы жаңа технологияларды іске қосуға мүмкіндік бермейтінін және өндірістің дамуын тежейтінін айтады.
Саябек Сахиев - Ядролық физика институтының бас директоры:
Жалпы Атырау өңіріне келген себебіміз - осы энергетика саласындағы жаңалықтармен халықты таныстыру. Өздерінің де ой-пікірлерін тыңдап, ой бөлісу. Енді өздері 6 қазанда азамат ретінде шешім қабылдай жатар. Жалпы мақсат осы азаматтардың көңіл-күйін білу. Олармен етене қарым-қатынас жасап, өзіміздің жетістіктерімізбен бөлісу.
Нұрсұлтан Нұрсейіт