Түркістан облысында алты елдің арнайы күштік құрылымдары оқу-жаттығу жиынын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында алты елдің арнайы күштік құрылымдары оқу-жаттығу жиынын өткізді

20.09.2024

Түркістан облысындағы «Шексіз бауырластық- III» оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Әскери жиынға Әзербайжан, Катар, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан секілді 6 елдің арнайы қарулы күштері қатысты.

«Орда» оқу полигонында шетелдік әскерилердің назарына қару-жарақ пен әскери техника көрмесі, сондай-ақ киім үлгілері көрсетілді. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқу-жаттығуға қатысушыларды арнайы операцияның сәтті аяқталуымен құттықттап, үздік жауынгерлерді марапаттады. Айта кетейік, әскери маневрлерге барлығы төрт жүзден астам әскери қызметші қатысты.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу