ДДСҰ: Пейджерлердің жарылуы денсаулық сақтау жүйесін әлсіретті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Пейджерлердің жарылуы денсаулық сақтау жүйесін әлсіретті

20.09.2024

Ливанда радиолар мен пейджерлердің жарылуы елдің онсыз да әлсіз денсаулық сақтау жүйесіне ауыр салмақ болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Аталған ұйым сол жарылыстан зардап шеккендерге қажетті қан мен медициналық құралдарды үлестірген.

Соңғы мәліметтерге сай, Ливанда пейджерлер жарылысынан 37 адам қаза тауып, 3 мыңнан астамы жараланды. Хезболла тобының лидері Хасан Насралла шабуылға Израильді айыптады. Бұл әрекет жауапсыз қалмайтынын алға тартты. Ал Израиль болса, бейсенбіде Ливанды шабуылдап, Хезболлаға тиесілі 100-ден астам зымыран қондырғысын жойғанын мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу