Елімізде 63 мыңнан астам шетелдік жауапқа тартылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 63 мыңнан астам шетелдік жауапқа тартылған

20.09.2024
0:00:00
0:00:00

Биыл елімізге 10 миллиондай шетел азаматы келген. Көпшілігі – ТМД елдерінің азаматтары. 196 мыңы Қазақстанда қалуды шешкен. Көші-қон қызметі өкілдерінің айтуынша, олардың 42 мыңы этникалық қазақ. Бұдан бөлек жарты миллионға жуық шетелдік елімізде уақытша тұруға рұқсат алған. Басым бөлігі жұмыс іздеп келгендер. Ішкі істер министрлігі берген статистикаға сүйінсек, 8 айда 63 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жаупкершілікке тартылған. Оларға бір миллиард теңгедей айыппұл салынған. Заңға бағынбаған 8 мыңға жуығы депортацияланған. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу