Еуропарламент дауылмен күреске қордан тезірек қаржы бөлуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропарламент дауылмен күреске қордан тезірек қаржы бөлуге шақырды

20.09.2024
0:00:00
0:00:00

Италияны алапат тасқын жайлады. 48 сағат бойы дамылсыз нөсер жауын жауған. Елдің солтүстігінде мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жауындатып жеткен «Борис» дауылының соққысынан мектептер жабылды. Теміржол қатынасы шектелген. Соңғы мәліметтерге сай Румыния, Польша, Чехия мен Австрияда дүлей дауылдан қаза тапқандар саны 24-ке жетті.

Еуропаның орталық бөлігін жайлаған алапат тасқынмен күрес мәселесі Еуропарламентте талқыланды. Еуроодақтың заң шығарушы органына мүше мемлекеттер табиғи апаттан келген шығынмен күреске тезірек қаржылай көмек бөлуге үндеді. Қажетті сома одақтың Ынтымақ қорынан бөлінуі тиіс. Румыниядан бастап Польшаға дейінгі аумақта жолындағының бәрін қиратқан дауылдан миллиардтаған доллар шығын келген.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу