Түркі әлемінің ортақ әліпби үлгісі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі әлемінің ортақ әліпби үлгісі жарияланды

20.09.2024

Түркі әлемінің ортақ әліпби үлгісі жарияланды. 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі Бакуде өткен Түркі әлеміне ортақ әліпби комиссиясының үшінші отырысында таныстырылды. Сондай-ақ осы жиында «Ортақ түркі әліпбиі декларациясы» жарияланды. Декларация латын графикасына негізделген. Онда тілдердің ерекшеліктерін ескере отырып, бір фонемаға бір әріп қағидасы ескерілген. Комиссияның бұл шешімдері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мемлекеттердің тиісті мекемелеріне ұсыныс ретінде таратылмақ. Академия барлық мүдделі тарапты осы ұсынысты белсенді түрде қолдауға шақырып отыр.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу