Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған экспедиция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған экспедиция басталды

20.09.2024
0:00:00
0:00:00

Қарағанды қаласында Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған ерекше экспедиция бастау алды. «Талас-Ұлытау-Сарайшық» атты республикалық тарихи-этнографиялық зерттеу жұмыстары 10 күннің ішінде бірнеше облыстың тарихи кешендерін араламақ. Атап айтқанда Ұлытау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облысында Алтын Орда мен Жошы ұлысын тереңінен зерттей түспек. Экспедиция құрамына тарихшы-ғалымдар, географтар, Алтын Орда зерттеушілері мен археологтар кірді.

Нұртас Смағұлов, экспедиция мүшесі:

Жошы ұлысына қатысты тарихи, мәдени ескерткіштерге зерттеу мен зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Жошы ұлысына бұл жаңа бағыт пен тың идеялар алып келеді. Экспедиция нәтижесінде жинақталған материалдарды талдап, оны ғылыми мақала ретінде Қазақстан тарихы оқулықтарына енгізуге тырысамыз.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу