«Пай, пай, қазақтың келіндері-ай!» деп аталған байқау барысында бүгінгі қазақ келіндері ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық салт-дәстүрлерімізге қаншалықты жетік екендерін танытты.
Әжелердің ақ батасымен басталған сайыста олар ұлттық тәрбиенің кәусәр бұлағы бесік жырын орындады. Байқау қатысушылары ән айтып, би де биледі. Сондай-ақ, сұрақ жауап сайысында келіндердің ой-өрісі мен танымы да байқалды.
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған байқау осымен екінші рет өткізіліп отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ