Жасанды интеллект әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасанды интеллект әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі

20.09.2024

Қазақстанда жасанды интеллекттің даму әлеуеті зор. Қазірдің өзінде ғалымдардың жеткен жетістіктері көз қуантады. Сингапур ұлттық университетінің профессоры Мохан Канканхалли елдегі саланың дамуына осындай пікір білдірді. Жасанды интеллектіні қоғам игілігіне пайдалану жөнінде Назарбаев университетінің студенттеріне дәріс оқыды. Әлемдік және қазақстандық зерттеушілер өздерінің соңғы ғылыми жаңалықтарымен бөлісті. Ғылыми-практикалық конференция Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған. Оған АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Англия мен Сингапурдың жетекші ғалымдары қатысты.

Адесида Илесанми, Nu провосты:

Симпозиумда жасанды интеллекттің қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге қалай көмектесетінін талқыладық. Мәселен, білім беру, экономика, денсаулық сақтау саласында пайдалану жолдары. Қазір кейбір елдер өз экономикасын дамыту үшін жасанды интеллектті пайдаланғанды жөн көреді. Қазақстанда осындай жетістіктерге жету үшін біз халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысымызды жалғастырамыз. Сол мақсатта студенттерімізді Сингапур университетіне жіберіп, оқытып, қандай да бір жобаларға қатыстыруды көздеп отырмыз.


Хабарламаларға жазылу