Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Оған әр облыстың аграрлары өз өнімдерін алып келіп, елордалықтарға ұсынған. Мұнда ет, балық, сүт, көкөністер мен жеміс-жидек сияқты түрлі азық-түлікті тікелей фермерлерден алуға мүмкіндік бар.
Биыл жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолында өтіп жатыр. Ол қазанның 27-сіне дейін әр сенбі, жексенбі күндері өтпек. Жәрмеңкеге № 18, 37, 303 және 323 бағыттағы автобустары қатынайды.
Досжан Маратұлы