АЭС салу мәселесі. «Бізде осы қандай мамандар бар» деген сауалға жауап іздеп көрдік. Себебі біз тек той өткізіп жүрген халық сияқты жазатындар бар. «Ядролық физика, ядролық энергетика? Күлкімді келтірмеші» дейтіндер бар. Олай емес. Мүлдем олай емес.
Сонымен еліміздегі ядролық физика саласында кімдер және неше адам жұмыс істейді? Бейнелеп айтқанда, әлемдік ядролық энергетика мамандары қауымдастығынының «ішіндеміз бе?»
Материалдың негізгі түсірілімі Алматыдағы ядролық физика институтында өтті. Ядролық физика институтында реактор 20 ғасырдың 60-шы жылдарынан бері істеп тұр.
7 жыл бұрын жаңартылған. Медициналық радио-изотоптар, өңделген кремний алады. Сондай-ақ, үлкен реакторға салатын ядролық отынды сынақтан өткізеді.
Институтқа Раушан Сайлауқызы барған, материалынан көріңіздер.