Венгрияда Дунай өзенінің деңгейі әлі көтеріліп жатыр. Салдарынан бір қалашық суға кетіп, Байя ауданындағы ауылдардың тұрғындары көшеде қайықпен қатынап жүр. Орталық Еуропа елдерінде жақында "Борис" дауылы соғып, жауын құйып, талай өзен арнасын асты. Польшада, Чехияда, Австрияда, Румынияда жолдар зақымданып, көпірлер мен ғимараттар бұзылып, ондаған адам қаза тапты. Өткен аптада белгілі болғандай, Еуропа одағы тасқыннан зардап шеккен мемлекеттерге көмекке 10 миллиард еуро бөлуге дайын.