ҰҚК: Қылмыстық топтардың 50 мүшесі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚК: Қылмыстық топтардың 50 мүшесі ұсталды

23.09.2024

Елдегі қылмыстық топтардың 50 мүшесі ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Астана, Алматы және Шымкент қаласынан, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан ұсталған. Тінту кезінде банк карталары, ірі көлемдегі қолма-қол ақша, экстремистік әдебиеттер және қаржы аударымдары жазылған жазбалар табылды. Оларға қатысты тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлады және ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды, сонымен қатар 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд. теңгеден аса мүлікті тонаған деген күдік бар. Тергеу басталды. 

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу