Қарағанды облысында мал ұрлығына қарсы 18 жылжымалы бекет қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында мал ұрлығына қарсы 18 жылжымалы бекет қойылды

23.09.2024

Қарағанды облысының тас жолдарында 18 жылжымалы блок бекет қойылды. Полиция қызметкерлері аталған бекеттерде мал және ет өнімдерін тасыған жүргізушілерді тоқтатып, құжаттарының белгіленген талаптарға сай болуын тексереді. Биыл өңірде 25 мал ұрлығы тіркелген. Басым көбі жазық жерлерде жоғалған. Полицияға жайылымнан мал жоғалу бойынша 17 арыз түсіп, іздестіру барысында 56 жылқы, 12 ірі қара, 38 ұсақ мал табылған.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу