Газа секторында Израильдің шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 41 431-ге жетті. Мұны осы анклавтың денсаулық сақтау миннистрлігі хабарлады. Ал жараланғандардың қатары 96 мыңға жуықтап қалған. Құрбандардың 40 шақтысы - соңғы 24 сағатта мерт болғандар. Мұндағы соғыс былтыр қазанның 7-де басталды. Сол күні «хамастықтар» Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасағаннан кейін ЦАХАЛ күштері Газаны бомбалауға кірісіп, мыңдаған ғимаратты күл талқан қылды. Жергілікті халықтың басым бөлігі үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Азат Рыстанбек