Ұлыбританияда дәрігер кезегін күткендер рекордтық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда дәрігер кезегін күткендер рекордтық деңгейге жетті

23.09.2024

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі мүшкіл халде. Тәуелсіз зерттеудің нәтижесі осындай. Дәрігердің қабылдауын күткен науқастардың саны рекордтық деңгейге жеткен. Деректерге сәйкес, азаматтар терапевтке қаралу үшін 4 апта немесе одан да көп уақыт тосуға мәжбүр. Либералды демократтар салаға қаржы құю керек десе, билік партиясындағылар реформа қажет деп отыр. Лейбористер денсаулық сақтау қызметін жақсартудың 10 жылдық жоспарын ұсынды. Яғни тіс жегісінің алдын-алып, темекі шегуді тоқтатып, семіздікті болдырмау үшін профилактикалық шараларды қолға алмақшы.

Кир Стармер, Ұлыбритания премьер-министрі:

Есепте айтылғандай, денсаулық сақтау қызметі өте мүшкіл жағдайда. Сала күрделі операцияны қажет етеді. Реформаларды жүзеге асырып, қиындықтарға қарсы тұра аламыз.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу