Сарапшы: Елде атом саласын жетік меңгерген 3 мыңнан аса маман бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Елде атом саласын жетік меңгерген 3 мыңнан аса маман бар

23.09.2024

«Біз ядролық қарудан бас тартып, атом қуатын адамзат игілігіне бейбіт мақсатта пайдаланған алғашқы елміз. Объект 25 жыл бойы еш апатсыз жұмыс істеді. Демек тәжірибеміз бар». Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Сәрсембаев Президент жолдауын талқылау жиынында осылай деп пікір білдірді. Оның айтуынша, елімізде атом саласын жетік меңгерген 3 мыңнан аса маман, сарапшы бар. Сондықтан АЭС салуда үрей мен қорқыныштың реті жоқ.

Марат Сәрсембаев, заң ғылымдарының докторы, профессор:

Электр энергиясы өнеркәсіп пен өзге салаларды айтпағанда, тіпті күнделікті тұрмыс үшін де маңызды. Жалпы елімізде су, газ, электр станциялары бар болғанмен, жеткіліксіз. Сондықтан өзге елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін, электр энергиядан тапшылық көрмей, тәуелсіз болу үшін АЭС салу аса маңызды.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу