«Хезболла» Израильдің солтүстігіне зымыранмен шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Хезболла» Израильдің солтүстігіне зымыранмен шабуыл жасады

23.09.2024

Ливандағы «Хезболла» қозғалысы Израильдің солтүстігіне кемінде 100 зымыран жіберді. Дегенмен ЦАХАЛ армиясының хабарлауынша, зымырандардың басым бөлігі құлатылған. Айта кетсек, осы оқиға алдында, яғни жұма күні Израиль «Хезболланың» Бейруттағы позицияларына әуеден соққы берді. Ливан үкіметінің мәлімдеуінше, бұл шабуылдан 45 адам қаза тапты. Израиль болса, қарулы топтың 16 командирін өлтіргенін ғана мәлімдеп отыр.

Айта кетсек, өткен аптада Ливанда пейджерлер мен рациялар жарылып, 37 адам мерт болып, 3 мыңдайы жараланды. Сол қастандықтардан кейін Израиль мен «Хезболла» арасындағы тайталас шиеленісіп тұр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу