Шығыстағы Риддер қаласында да бүгіннен бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. «Есептеу құралдары бар» үйлер жылуға бір апта бұрын қосылған. Жалпы қаладағы орталықтан жылытылатын нысандар қысқа толық дайын. Ал кеншілер шаһарындағы тұрғындар ала жаздай ыстық сусыз отырған. Жылумен қатар көпқабатты үйлерге ыстық су да қосылды. Қалада мазут пен көмір қоры да жеткілікті. Былтырдан бері Риддердің жылу жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс басталған. Нәтижесінде орталық қазандықтар толық жаңаланды. Осы жазда 19 шақырымға жуық жылу құбыры ауыстырылған. Жаңалау-жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 8 миллиард 600 миллион теңге бөлінді.
Нұрлан Рамазанов, облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы:
Яғни қазан айында бізде қажетті екі қазандық орнына резервте тағы екі қазандық дайын болады. Үш-бес күннің ішінде орталық тәуліктік температура он градустан төмен болса, жылыту маусымын жергілікті әкімнің шешімімен бастауға болады.
Олжас Керейхан